16 әлеуметтік қызметкер – 59 қарияның қамқоршысы

сурет ғаламтордан

 

Қарттар – өмірдің талай белесін көріп, тәжірибе мен даналықты бойына жинаған буын. Олар – өткеннің аманатын бүгінге жеткізетін, елдің рухани тірегі. Ал олардың бүгінгі хал-ахуалы кез келген мемлекет пен қоғамның әлеуметтік дамуын айқындайтын маңызды өлшемнің бірі. Зейнеткерлерге қолдау көрсету, тұрмысын жеңілдету және әл-ауқатын арттыру – қай қоғамда да басты міндет.

Сондықтан халықтың әлсіз топтарына бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары жыл сайын жетілдіріліп, жаңа бағыттармен толықтырылып келеді. Әсіресе, өмірдің күзгі шағына жеткен қарттар қауымына жан-жақты жағдай жасау, тұрмыс сапасын жақсарту және оларды қоғам назарынан тыс қалдырмау – ауданның әлеуметтік саласындағы басым бағыттың бірі. Осы тұрғыда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі атқарып отырған жұмысын айрықша атап өтуге тұрарлық. Бұл бөлімше қарттардың күнделікті өміріне қолдау көрсетіп, әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр.

Аталған бөлімше қарттардың күнделікті тыныс-тіршілігіне қолдау көрсететін маңызды әлеуметтік орталықтардың бірі. Бүгінде бөлімшенің қамқорлығында жалғызбасты 59 қария бар. Олар жасына байланысты немесе денсаулығына қарай өз бетімен күнделікті шаруаларын атқаруға қиналатын азаматтар. Осындай жандарға қамқоршыболып отырған 16 әлеуметтік қызметкер әрқайсысының жағдайын жіті бақылауда ұстап, қажетті көмегі мен күтімін көрсетеді. 

 

Жалғасы газеттің №47 (4260) санында

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT