«174 өтініштің 45%-дан астамы оң шешімін тапты»

 

«AMANAT» партиясы – ел аманатына адалдықты ту еткен, жауапкершілігі зор саяси ұйым. Партия атауының өзі халық сенімі мен үкілі үмітін арқалап жүргенін айқын көрсетеді. Бүгінде партия қоғамдағы түрлі мәселелердің шешіміне тікелей ықпал етіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, тұрғындардың талап-тілегін естуге бағытталған жаңа тетіктер қалыптастырды. Ауданымызда да партияның бастамалары қарқынды іске асуда. Әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды жақсарту, ауыл экономикасын дамыту, жастарды қолдау секілді бағыттарда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді. 

Халықпен тікелей жұмыс істейтін партия филиалының жауапкершілігі де, жұмысының ауқымы да кеңейіп отырғаны байқалады. Осыған орай біз «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Жанар Жақашевамен сұхбаттасып, атқарылған жұмыстар, қолға алынған бастамалар және алдағы межелі жоспарлар жөнінде кеңінен әңгіме өрбіттік. Сұхбатымыз партия қызметінің бүгінгі бағыт-бағдары мен қоғам сұранысына бейімделген жаңа тәсілдерін жан-жақты қамтыды.

 

 

– Жанар Жолдасқызы, «АMANAT» партиясы халықтың сеніміне ие болып, жүйелі жұмыс жасап келе жатқанын көріп жүрміз. Қоғам арасында партия қандай мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде? Әуелі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың атқарған жұмыстары туралы айтып берсеңіз?

– Бұл партияның басты ұстанымы – халықпен ашық диалог орнатып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне тікелей ықпал ету. Аудандық филиалымыз да осы міндетті жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. «AMANAT» халықтық партиясы құрылған сәттен бастап ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жағдай жасауға бағытталған ауқымды реформаларды тұрақты жүзеге асыруда. Партия халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ортақ мүдде жолында күш біріктіру арқылы елдің көркеюіне үлес қосып келеді. Аудандағы әрбір азаматтың мәселесін тыңдау және шешу – басты міндет. Ауыл және елді мекен тұрғындарымен жүйелі кездесулер мен қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, қарапайым халықтың өтініші мен құқықтары бірінші кезекте қарастырылады.2024–2025 жылдары филиалдың жұмысы бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізілді. Ең алдымен қоғамдық қабылдау жұмыстары күшейтілді. Аталған кезеңде 174 тұрғынның өтініші тіркеліп, оның 45 пайыздан астамы оң шешімін тапты, қалғанына тиісті түсініктемелер мен кеңестер берілді. Партиялық бақылау комиссиясы 3 отырыс өткізіп, 6 мәселе қарады. Сонымен бірге бақылау бекеттері орнатылған 2 әлеуметтік нысанда тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл – халықтың алаңдаушылығын тудыратын салалардағы ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік жобалар бойынша да нақты нәтижелер бар. «Жер аманаты» аясында 200 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие мен кәсіпкерлік бас-тамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ жастарды қолдау мақсатында 10 жас кәсіпкерге 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру тетігі іске асуда. Әлеуметтік осал отбасыларға көмек көрсету бағыты да назарда. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы  мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаның сақталуы жөнінде еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіп, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 265 қаулысымен бекітілген қосымшаға сәйкес мекемелерге квоталар бөлініп берілгені, соған сәйкес, жұмысқа қызметкерлерді алған кезде квотаның сақталуын ескеру қажеттігі туралы түсіндірілді.Сонымен қатар қыстың суығында қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетілді, ардагерлер мен көп балалы аналарға арнайы құттықтаулар мен сый-сияпаттар табысталды. Инфрақұрылым бойынша да маңызды жобалар жүзеге асты. Өркен елді мекенінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, ауыл тұрғындарының көптен күткен мәселесі шешілді. Алдағы міндеттеріміз – бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын толық бақылауда ұстау. Халықтың өтініштері мен қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру, жас-тарды қолдау жобаларын кеңейту, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ықпал ету филиалдың алдағы басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Жалғасы газеттің №46 (4259) санында

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT