2020 жылы 180 отбасы қоныстойын тойлайды

Тұрғын үйлер салу мәселесі Исатай ауданында оң шешімін тауып келеді.

Қазіргі кезде Аққыстау ауылында 60 үйлік 3 қабатты 3 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың сәуір айында «ДанСтройБазаЛТД» ЖШС-мен жалпы құны 2 миллиард 977 миллион теңге сомасына келісім-шартқа отырдық. Қазіргі кезде аталған үйлердің іргетасын құю жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жалпы, 3 үйдің де құрылысы келісім-шартқа сәйкес, 2020 жылы толық аяқталуы тиіс. Құрылыс жұмыстары аяқталып, аудандық комиссия үйлерді қабылдап алған соң аудан әкімдігіндегі тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға санаттары бойынша үйлер берілетін болады.

Әлібек ДҮЙСЕНОВ,

аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT