enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 401,08 млрд теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15 391,36 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,72 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың 2023 жылғы 1 сәуірдегі негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,22%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,03%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 7,07%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,64%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,46%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,10%. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,55%, АҚШ долларында – 28,39%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 435,62 млрд теңгені, өзге кірістер – 1,29 млрд теңгені құрады. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалаумен байланысты құралдар 91,24 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Бұл тұрақсыз геосаяси жағдайдың, жаһандық қаржы нарықтарындағы жоғары құбылмалылықтың және инфляцияның биылғы жылы алынған инвестициялық кіріске әсерін растайды. Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен қолайсыз сыртқы және ішкі факторларға қарамастан, 2023 жылғы наурыздағы жалпы табыс оң нәтижені көрсетті. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 345,67 млрд теңге. 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 3,20% кезінде 2,26% болды. Бұл ретте 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда (2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін) 6,63% жетті. Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі. ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,72 млрд теңге. 01.04.2023 ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 4,3 млрд теңге. Компанияның ең маңызды салымдары: ҚРҰБ ноттары – 31,09%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – портфельдің 30,33%; ҚР ҚМ МБҚ – 24,09%. Шет мемлекеттердің МБҚ 8,46%. Атап кетейік, портфельдің 60,73% теңгемен; 39,27% АҚШ долларымен ұсынылған. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 147,84 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,35%. "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,7 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 41,37%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) - 13,61%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11.88%; МҚҰ облигациялары – 9,32%, ҚРҰБ ноттары – 8,98%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,57%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,78%, АҚШ долларымен 20,22% тең. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 83,27 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бері 2,93% көрсетті. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған. "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің мөлшері – 1,6 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – портфельдің 51,75%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,48%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 9,69%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,18%. Ұлттық валютада портфельдің 79,22%, АҚШ долларымен – 20,78% инвестицияланған. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 35,15 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,12%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақыға және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен табысқа тиесілі болды. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар. "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,03 млрд теңге. Активтердің 63,17% ҚР ҚМ МБҚ-ға инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 10,76%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,33%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,62%. Ұлттық валютада портфельдің 79,08%, АҚШ долларымен - 20,92% инвестицияланды. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 20,88 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 1,88%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 162,36 млн теңге. Портфель құрылымындағы инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 85,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,40%, МҚҰ – 2,98%, ҚРҰБ ноттары – 2,95%, шоттардағы ақшалай қаражат - 1%. Ұлттық валютада портфельдің 100% инвестицияланды. Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 2,01 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,86%. "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
|