«30 ҚАЙЫРЫМДЫ ИГІ ІС» МАРАФОНЫ ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай елорда да еліміз бойынша «30 қайырымды игі іс» атты қайырымдылық марафоны басталған болатын.

Осы қайырымдылық марафонын қолдау мақсатында аймақ басшысы М.Досмұхамбетовтың қатысуымен облыстық отырыс өткізілді. Оған қала, аудан әкімдері онлайн форматта қатысты. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырыс барысында Исатай ауданы әкімі Марат Мурзиев мерекелік құттықтауын жеткізіп, қайырымдылық марафонын исатайлықтардың да қолдайтындығын қоса айтты. Өз сөзінде аудан әкімі осы марафон аясында ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлері 130 отбасын жыл бойынша бірінші қажеттіліктегі тауарлар және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ететінін атап өтті.

db3419cf-a5c8-40df-b3c5-889c808f6b2d

Онлайн форматта өткен отырыс барысында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзин Нарын ауылының тұрғыны, көп балалы ана Рахима Мухзуароваға баспана алып беру мақсатында «Qolsoz» еріктілер клубының атынан 1 млн теңге және облыстық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиевтің атынан 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады. Сондай-ақ, жақын күндері баспанасы өртке оранып, баспанасыз қалған Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Серік Уахитовқада Ә.Семғалиевтің атынан 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

0c0bf855-dfab-48f1-926c-2db25964eca2

«Жан» шаруа қожалығы атынан да қожалық басшысы Индира Жұмажанқызы осы қайырымдылық марафоны аясында ауданымыздың аз қамтылған 2 отбасына азық-түлік алуға қажетті сертификаттарын тапсырды. Отырыс соңында аудан әкімі қайырымдылық марафоны аясындағы шаралар аудан көлемінде әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521