35 ана "Іскер ана" жобасына қатысты

35 ана «Іскер ана» жобасы қатысты Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы облыс әкімінің қолдауымен 17-18 қыркүйек күндері біздің ауданда «Іскер ана» жобасы жүрген болатын.

«Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара көп балалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын аналарды оқытуға, өз ісін ашуға жәрдем көрсету мақсатында барлығы 35 ананы қамтыды. 7 мамандық бойынша оқыту өткізген жобаның мақсаты - көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру үшін материалдық көмек алуға үміткер аналардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына көмектесу.

jas1

Сондай-ақ бұл жобада қатысушыларға гранттар беру тәртібі де қарастырылған. Сертификат алған аналар курсты аяқтағаннан кейін 10 күн ішінде алған біліктілігі бойынша ізденуі, тәжірибеден өтуі туралы бейнематериалды Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында #iskeranaatyrau хештегімен салып, Isker.ana ресми парақшасын белгілеу арқылы кемінде 3 жарияланым жасағанын фото, бейнетүсірілім арқылы баяндауы қажет.

img-20190919-wa0048

Сонымен қатар, 20-қыркүйек күні Аққыстау ауылында жоғарыда аталған аналарға топтық психологиялық, сауда ісі, бизнес бастау сабақтары бойынша тренинг өту жоспарлануда. Шара соңында қатысушы аналарға оқу курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталады.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521