"350 бастан 400-дің үстінде төл алдым". Шаруагер қойдың пайдасын айтты

"Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл көсір" демекші, жандықтың жайын қой бағып, құйрық май жегендер ғана жақсырақ ұғынады.

Айбас елді мекенін аралап жүріп, Шәркей қыстағындағы "Құмарбеков Нұрхат" шаруа қожалығының мүшесі Алпамыс Құмарбековтің қонысына ат басын бұрдық. 2014 жылы шаруа қожалығын құрған шаруа отбасы 2018 жылы осы Шәркей қыстағына келіп, қой шаруашылығын қолға алған. Бір-екі жылдың ішінде мал басын көбейтіп, шаруашылығының аясын кеңіткен Алпамыс Құмарбеков қазіргі уақытта мал бағам деген адамға барлық мүмкіндік бар деген пікірде.

- Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан "Алтын асық" бағдарламасы арқылы несие алып, 400 бас Еділбай тұқымды қой малын бағуды қолға алдық. Қой бағуға да қажырлы еңбек керек. Дегенмен, қой малын көзден таса қылмайтын, қиындығына шыдайтын төзімді адам ғана баға алады. Сонда ғана оның жемісін көріп, көл-көсір пайдаға бата аласыз, - дейді шаруагер.

Оған мысалды алыстан іздемеген Алекең биыл 350 бас қойдан 450-ге жуық төл алғандығын айтады. Сондай-ақ ол көбейтсең - тұқым, сатсаң - ақша, етінің өзі мол қасиетке ие қой малын көбейтуді жас шаруагерлер қолға алса деген ниетте.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521