387 САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРЕДІ

Алдағы Президент сайлауында әркімнің дауысы маңызды.  Бұл, әсіресе, аталған науқанға алғаш рет қатысушылар үшін ерекше сәт. Осы жолы тұңғыш рет өз таңдауын жасаушылар Исатай ауданында да аз емес. 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан алынған мәліметке қарағанда, жалпы аудан бойынша ағымдағы жылдың 10 қазанындағы есеп бойынша сайлаушылар саны 15898-ді құраған. Бұл нақты цифр емес. Өйткені, аудан аумағында вахталық, яғни ауысымдық әдіспен жұмыс жасайтын өндіріс орындары болуы себепті цифрлар әлі де нақтылану үстінде.

-Ал аудан бойынша алғаш рет дауыс беретін, мұндай жауапты науқанға бірінші рет қатысып, өз таңдауын білдіретін жас сайлаушыларымыздың саны 387 адам болып отыр,-дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашев.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT