400 мыңнан астам балаға мектепке дайындалу үшін ақшалай көмек беріледі

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 400 мыңнан астам бала мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл әрбір білім алушыға киім, оқуға арналған жабдықтарды сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңгені құрайды. Ақша ата-аналардың карталық шотына түседі.

"Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - дейді Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларға керек жабдықтарды қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді.

"Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

"Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT