Кәмелетке толмағандар, оның ішінде топта жасаған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттады тәркілеу мақсатында аудан көлемінде 27-тамыз бен 5-қыркүйек кундері аралығында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өткізілді.
Жедел шараға аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінен - 19, сондай-ақ, криминалдық полиция бөлімшесі, білім беру саласы, «Нұр Отан» ХДП, аудандық прокуратурадан, денсаулық сақтау бөлімінен барлығы 25 қызметкер бөлініп, бірқатар жұмыстар атқарылды. Шара кезінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірігіп ауданның барлық ауылдық округтеріне рейдтер ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың топтарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта жүруіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Шара кезінде бөлімге 43 жасөспірім жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны, әр түрлі құқық тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 23-00 ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін бөлімге 42 жасөспірім әкелініп, олардың ата-аналарына қатысты ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442-бабы 2- бөлімімен хаттама жасақталып, ескерту берілді. Сондай-ақ, аудан орталығында орналасқан барлық меншік нысандары, мейрамханалар, кафе-барлар, букмекерлік кеңселер кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 22-00 ден кейін ойын-сауық мекемесінде жүргенін анықтау мақсатында тексерілді 1 жасөспірімге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылып, Исатай аудандық сотымен ескерту берілсе, он сегіз жасқа толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сатқаны үшін 1 азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Атырау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдануда. Ал, жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін өткізгені үшін 1 азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылып, Исатай аудандық сотына жолданды. «Жасөспірім» жедел шарасы кезінде бөлімнің тізімдік есебіне 1 жасөспірім, жайсыз отбасы есебіне 3 отбасы есепке алынды.
Мөлдір МАҒАЗОВА, АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы, полиция аға лейтенанты