5 гранттың үшеуін исатайлықтар ұтып алды

Кеше ҚР «Ақпарат және даму министрлігінің» қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшылығымен, «Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» гранты тақырыбында қорғалатын жобалардың грант иелері анықталды.

Жобаның мақсаты - Атырау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру мақсатында Атырау облысындағы ауылдық елді мекендерде халықтың белсенділігін арттыру, білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу арқылы ауылдық ҮЕҰ-ң бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру және аудандық ҮЕҰ-дар мен аудандардағы қауымдық кеңестердің қызметі мен қажеттіліктерін талдау мақсатында, ауылдағы ҮЕҰ-дардың сұранымдарын талдау және қоғамдық кеңестің жұмысшы-сараптамалық топтарының құрамында және дербес түрде аудандарға бару арқылы кездесулер ұйымдастыру арқылы облыстағы жеті аудандық, оның ішінде ауылдық қоғамдық кеңестің, бастама топтардың мүшелерімен, аудандардағы жастар мәслихатының депутаттары, әлеуметтік кәсіпкерлер және белсенді ауыл тұрғындарымен ҮЕҰ-ның ауылдық елді мекендерге құруына жәрдемдесу. Және мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грант туралы халыққа түсіндіру нәтижесінде, семинар-тренингтер өтті. Соның нәтижесінде бүгін әр ауданнан жиналған әлеуметтік жобалар қорғалып, оның үздік бес жобасы белгіленді.

grant123

Исатай ауданынан Арайлым Қалиева, Алмагүл Еспағамбетова, Дулат Шыманов, Қызылқоға ауданынан Айгерім Отарова, Жылыой ауданынан Алтынгүл Атабаева Үздік жоба иелері атанып, 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленді.

Ұтыс иелері алдында ауылдық ҮЕҰ-дар мен бастамашыл топтарға жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ауыл халқының тартылуын ынталандыру міндеті тұр. Ауыл халқын жобалық басқаруға үйрету арқылы азаматтардың дағдыларын арттыру және ауылдық ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарымен айналыспақ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT