72 ардагерді «Нарын таңына» жаздырды

Жыл басында «Потециал Ойл» ЖШС-гі басшысының орынбасары, бас инженер Ғаділбек Мырзағалиевтің тікелей бастамасымен  Жанбай ауылдық округінің 15 ардагерін қабылдап, оларға түскі дастарқан жайды.

Жылы шырайлы қабылдауда алдымен ауылдық округ әкімі Дидар Есмұханов сөз алды. Ол өз сөзінде соңғы төрт-бес жылдан бері «Потенциал Ойл» компаниясы сол төңіректегі округтердегі  әлеуметтік көмекті қажет ететін  жергілікті қарттар мен зейнеткерлерге және ардагерлерге қол ұшын созып жүргендерін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, аталған серіктестік  былтырғы жылы 35 балаға киім-кешек алып берсе, өткен жылы Х. Нәубетов атындағы орта мектебі мен  94 ардагерді жергілікті басылымға жаздырған, ал, биыл 72 адам аудандық  «Нарын таңы» газетін алдырып оқитын болыпты.

Бұдан кейін Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы  Мырзажан Балпанов қарттар мен ардагерлер атынан сөз сөйлеп, жыл  сайын жергілікті баспасөзге жаздыруды дәстүрге айналдырып келе жатқан серіктестік басшыларына  шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Соңында ардагерлерді серіктестік қызметкерлері де құттықтап, оларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.

Аяпберген САЛИХОВ

 

   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521