87 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Шәріп Сыдихов №131 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Ардагер ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқан жан.

 

-Қазір зейнеткермін. Менің ойымша ауыл шаруашылығында шешімін күткен мәселелер көп. Атакәсібімізге қайта оралмасақ, болмайды. Өйткені, адам табиғи сапалы өнімдермен тамақтанғанда ғана дені сау болады. Ол үшін ауыл шаруашылығы өркендеуі тиіс. Қазір бәрі еңбекақысы көп жерге кетуге асығады. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым еңбек адамына деген құрметтің соңғы жылдары азайып бара жатқаны мені алаңдатады,-дейді ақсақал.
Кезінде еліміздің гүлденіп, өркендеуі үшін тер төгіп, күні-түні аянбай еңбек еткен адам. Айтуынша, өзі айтып өткен мәселелердің оң шешілуін асыға күтеді және соған ықпал ететін тұлғаларға таңдау жасадым деп есептейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521