92 жастағы Әдемі әже сайлауда өз таңдауын жасады

Зинеден ауылындағы ең қарт сайлаушы, 92 жастағы Әдемі Садуқұлова әже №136 сайлау учаскесіне тіркеліп, үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Сайлау комиссиясының мүшелері арнайы тасымалданатын жәшікпен барып, оның дауысын қабылдады. Ел болашағы үшін өз таңдауын жасаған әже ақ батасын берді.

– Жаңа жыл құтты болсын! Бұл сайлау ауылымыз үшін үлкен өзгерістердің бастамасы болғай. Әкім болып, өз ісіне жауапты, мықты маман келсін. Ауылымыз көркейіп, гүлдене берсін, – деп ізгі тілегін жеткізді ақ жаулықты әже.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айсұлу Сатқалиеваның айтуынша, Зинеден ауылына қарасты Амангелді елді мекенінде 35 сайлаушы бар. Олардың да дауыстарын қабылдау үшін сайлау комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен барып, сайлау процесін ұйымдастыруда.

 

Ж.Аманкелдіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT