93 жастағы Тұщықұдық тұрғыны Махуза әжей дауыс берді

Тұщықұдық ауылындағы №131 сайлау учаскесінде ерекше бір сәт тіркелді. Ауылдың ең қарт тұрғыны – 93 жастағы Махуза Ергалиева әже кезекті сайлауда өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмаған Махуза әже дауыс беруді үйден ұйымдастыруға өтініш білдірген. Сайлау комиссиясының мүшелері арнайы тасымалданатын жәшікпен әженің шаңырағына барып, дауыс беру мүмкіндігін ұсынды. Бұл – мемлекет пен қоғам тарапынан азаматтық құқығын құрметтеудің, әрбір дауыстың бағасын білудің айқын көрінісі.

– Бұл сайлау ауылымыз үшін үлкен өзгерістердің бастамасы болғай. Әкім болып, өз ісіне жауапты, мықты маман келсін. Ауылымыз көркейіп, гүлдене берсін, – деп ізгі ниетін білдірген әжеміз өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің болашағына деген сенімін де ақ жарма тілектерімен өрнектеді.

Ақ жаулықты анамыз ел амандығын тілеп, ақ батасын берді. Оның осы бір қарапайым, бірақ терең мағыналы әрекеті – үлкенге құрмет, Отанға сүйіспеншілік пен азаматтық белсенділіктің үлгісі. Махуза әженің өнегесі – бүгінгі ұрпақ үшін ұлағат. Себебі нағыз патриотизм – ел тағдырына бейжай қарамай, өз үлесін қосудан басталады.

 

Сағыныш Сайлаубайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT