Аққайың бишілері алда

Ауданымыздың мәдениеті мен өнерін сөз еткенде би өнерінің кең қанат жайып, ірі байқаулардан жүлдегер атануы көз қуантып келеді.

Осынау шоқтығы биік жанрдың бүгінгідей жоғары дәрежеге жетуінде аудандық «Жалын» мәдениет үйінің би жетекшісі Зайнова Қамажай Мұғауқызының еңбегі ерекше екені баршаға аян. Өзі бастап құрған, тәй басып қалыптасқаннан биік белестерді бағындырып келе жатқан үлгілі «Аққайың» би ансамблі күні кеше тағы бір беделді байқауды бағындырды.

Нақтырақ айтсақ, 14-16 наурыз күндері көршілес Орал қаласында өткен ІІ республикалық «Батыс жұлдыздары» байқауында жас ерекшелігі бойынша 3 топта бақ сынаған би ұжымы жүлделі орындарды еншілеп, барша тілеулестерін бір қуантып тастады. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен бағасы биік байқауда «Аққайың» би ансамблінің үлкен тобы І орын, кіші тобы ІІ орын алса, орта топтың бишілері Гран При иеленіп, аққыстаулық бишілер тағы бір мәрте мықтылығын көрсетті. Атырау облысы бойынша Индер ауданы мен исатайлық би ұжымдары бақ сынаған байқауда батыс аймақты бағындырған бишілеріміздің өнері өз шеберліктерін байқатып, көпті мойындатқаны ауданда би өнерінің кәсіби бағыт алғандығының көрінісі. Енді алдағы уақытта Астана қаласында өтетін сынға жолдама алған ортаңғы топ өнерпаздары бас қалада да жеңісті қолдан бермейді деп сенеміз. Балғын бишілерімізді байқауға тыңғылықты дайындаған Қамажай Мұғауқызына шығармашылық табыстар, жемісті еңбек тілей отыра, «Аққайың» бишілерінің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз ізденістері келешекте де киелі мекеннің атын алты алашқа таныта берері сөзсіз деп ойлаймыз.

Талжібек БАХАНОВА,

«Жалын» мәдениет үйінің әдіскері.

COVID 19

covid

Күнтізбе

шілде 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21