Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген жеке кәсіпкер «РСПАЕВ» бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші деп аталатын, бас директор Рыспаев Утемистің атынан дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама негізінде әрекет ететін, бір жағынан және үй-жайдың меншік иесі/жалдаушысы (жеке тұрғын үй, пәтер, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жатақханадағы бөлме), бұдан әрі «тұтынушы» деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, 2019 жылғы «25» ақпандағы №3 Сенімгерлік басқару шартты назарға ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші мен Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі арасында ала отырып, Исатай ауданының мәслихатының 2022 жылғы 13 шілдедегі №136-VII шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 367-бабы 1 тармағының 3 тармақшасын басшылыққа ала отырып, мына төмендегілер туралы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару жөнінде қызметтер көрсетуге арналған осы Шартты (бұдан әрі-шарт) жасасты.
Шартта қолданылатын негізгі түсініктер:
- «Қатты тұрмыстық қалдықтар», «ҚТҚ» - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
- «Коммуналды қалдықтар» - тұрғылықты жерлерде пайда болатын тұтыну қалдықтары, соның ішінде адам өмір сүруінің нәтижесінде, сонымен қатар оларға құрамы және пайда болу сипаты бойынша жақын өндіріс қалдықтары;
- «Сұйық қалдықтар» - сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
- «Ірі габаритті қалдықтар» - өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өзінің өлшемдері бойынша арнайы қоқыс шығаратын көліктермен тасымалдау мүмкіндігін жоққа шығаратын тұтыну және шаруашылық әрекет қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
- «Қалдық шығаратын ұйым» - арнайы көлікпен коммуналды қалдықтарды шығарумен айналысатын ұйым;
- «Құрылыс қалдықтары» - ғимаратттар мен жайларды немесе бөлек конструкторлық бөліктерді ажырату (монтаждан шығару) үрдісі кезінде, сонымен қатар құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болатын қалдықтар;
- «Тариф» - ҚТҚ 1 куб метрін (м3) қайта өңдеу, орналастыру (жерлеу), қалдықтарды жинақтау орнынан оларды сақтау орындарына шығару құны;
- «ҚТҚ шығару» қызметті төлеу өлшемі» - көрсетілетін қызметті беруші белгілеген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифке, сондай-ақ Исатай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 13 шілдедегі №136-VII шешімімен бекітілген Исатай ауданы бойынша ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормаларына (бұдан әрі- ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормалары) сәйкес белгіленген қызметті төлеу құны;
- «Контейнер алаңы (қоқыс жинағыш)» - тұрғын үйлерде/әкімшілік ғимараттарда (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) орналасқан үй-жайлардың меншік иелері/жалдаушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған жалпы орын (қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесінің бөлігі).
- Шарт мәні
- Осы Шарттың мәні көрсетілетін қызметті берушінің ҚТҚ - ны жинақтау үшін бөлінген орындардан (контейнерлік алаңдардан) жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму бойынша өтеулі қызметтер көрсетуі және тұтынушының көрсетілген қызметтерге шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуі болып табылады.
- Қызмет көрсетуші қоқыс шығаратын ұйым бола отырып, Астана қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет жеткізушіні анықтау бойынша ұтып алынған тендердің нәтижелері негізінде уәкілетті органдармен бекітілген учаскелерде тұтынушыға қызмет көрсетеді.
- Есептесу тәртібі және шарттары
- Қызметке ақы төлеу мөлшері жергілікті өкілді орган белгілеген тарифтің өзгеруіне сәйкес белгіленеді және өзгертіледі.
- Көрсетілген қызметке ақы төлеу үй-жайда (пәтерде, үйде) нақты тұратын адамдардың саны есебінен не үй-жайда тіркелген адамдардың саны есебінен (егер ішкі істер органдарының немесе жергілікті атқарушы органның деректері бойынша үй-жайда тұратын адамдардың көп саны тіркелген жағдайда), ҚТҚ шығару үшін төлем мөлшеріне сәйкес айына бір адамға жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші үй-жайда нақты тұрғаны туралы деректер бойынша бұрын белгіленгеннен көп адамды тіркеу фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген адамдардың саны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін төлемақыны қайта есептеуді жүзеге асырады.
- ҚТҚ шығару үшін төлем есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей Қызмет беруші ұсынған төлем құжаттары негізінде есептік шотқа аудару немесе Қызмет көрсетуші кассасына ақша қаражаттарын енгізу арқылы жүргізіледі.
- Тұтынушы және/немесе онымен бірге тұрып жатқан тұлғалар уақытша жоқ болған жағдайда, ол/олар жоқ болған уақытта Қызметтер үшін төлем алынбайды, бұл үшін еркін түрде өтініш және растаушы құжат (уақытшы тұру орны бойынша тіркеу анықтамасы, емделу мекемесінің анықтамасы, жұмыс орнынан анықтама, емделу-демалыс жолдамасы, қонақүйде тұрғаны үшін төлем құжаты және т.б.) берілуі тиіс. Төлемді қайта есептеуге алып келетін барлық өзгерістер Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап жүзеге асырылады.
- Жеңілдіктер қарастырылған:
- 100% Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, I топ мүгедектеріне теңестірілгендердің;
Жеңілдіктер тұтынушы растайтын құжаттарды ұсынған кезде қолданылады.
- Тұтынушы құқықтары мен міндеттері
- Тұтынушы құқылы:
- «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлы- эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелер талаптарына сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына.
- Қызметтерді төлем Өлшемі және Тарифтерін қолдануына қатысты ақпаратты;
- Қызмет көрсетушінің қызмет көрсетудегі анықталған кемшіліктерді орынды мерзімде жоюға;
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын тәртіпте және өлшемде Қызмет көрсетуші салдарынан болған Қызметтерді көрсетуде кемшіліктер нәтижесінен денсаулыққа және/немесе мүлікке тигізілген зардаптар мен залалдарды толық көлемде өтеуге;
- Құқықтары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттық қорғалуына.
- Тұтынушы міндетті:
- Осы Шартта көрсетілген мерзімде Қызметтерді уақытылы және толық көлемде төлеу;
- Көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібімен «ҚТҚ шығару» қызметінің төлем мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын, оның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтерде, үйде және т. б.) тұратын адамдардың саны өзгерген жағдайда кез келген өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
- Тұрғын үйде тұратын нақты адамдар санын анықтау үшін Қызмет беруші өкіліне қажетті қолжетімділік пен жағдайларды қамтамасыз ету;
- Тұрып жатқан тұрғын үйінен шығу күніне дейін азаматтық-құқықтық келісім- шарттарды жасаған жағдайда Қызмет берушімен толық есептесуді жүзеге асыру;
- Одан пайда болған ҚТҚ-ны контейнерлік алаңдарға жинау;
- Сұйық қалдықтардың құйылуын, құрылыс қалдықтары, топырақтың, ірі өлшемді қалдықтың, металл сығындыларын, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтардың қоқыс жинау орындарына тасталуын болдырмау;
- ҚТҚ және басқа қалдықтардың ол үшін белгіленбеген жерлерде (контейнерлік алаңдардан басқа) жинақталуын, сонымен қатар олардың жерге көмілуін, контейнерлерде, аулаларда және көшеде жануын болдырмау;
- ҚТҚ мен өзге де қоқыстарды бұл үшін белгіленбеген орындарда (контейнер алаңдарынан басқа) жинауға, сондай-ақ оларды жерге көмуге, контейнерлерде, аулаларда және көшелерде жағуға, кәдеге жаратудың өзге де тәсілдеріне жол бермеу;
- Сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалдық жинаушыларға және контейнерлік алаңдардың қоршауларына күтіммен қарау;
- Арнайы техниканың контейнерлік алаңдарға бөгетсіз қолжетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
- Тұтынушы құқылы:
- Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері
- Қызмет беруші құқылы:
- Қызметтер үшін Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде төлемді алу, және төлемдерді төлеу мерзімін бұзған жағдайда Шартпен қарастырылған шараларды қабылдауға;
- Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тұтынушы төлем мерзімдерін бұзған жағдайда, Қызмет беруші Тұтынушыдан борыш сомасын және есептелген айыппұл мөлшерін ықтиярсыз тартып алу жолымен Қазақстан Республикасы сот органдарына өзінің мүліктік қызығушылықтарын қорғау үшін жүгінуге құқылы.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын қызметтердің тарифін, сондай-ақ Шарттың 3.2.2-тармақта көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда «ҚТҚ шығару» қызметіне ақы төлеу мөлшерін өзгерту.
- Қызмет беруші міндетті:
- Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келістірілген кесте бойынша өзінің артында бекітілген аудандардан ҚТҚ шығару бойынша жоспарлы-реттік тазалауды жүзеге асыру;
- Контейнерлерден қоқыс шығару көлігіне түсіру кезінде ағып түсетін қалдықтарды жинау;
- Жүру сызбасы және өзгерген пайдалану жағдайларына сәйкес бағдар кестелерін құру және өзгерту енгізу;
- Контейнерлердің сақталуы мақсатында ҚТҚ тиеген кезде құралдарға күтіммен қарау;
- Тұтынушыға ҚТҚ шығарғаны үшін төлем жасау үшін төлем құжаттарын Қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін ұсыну;
- Қызметтер көрсетуші төлемді нақты тұрып жатқан адамдарды анықтау актісі немесе азаматтарды тіркеу мәліметтері негізінде белгілеу;
- Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға Тарифтер мен Қызметтерді төлеу Өлшемінің өзгеруі, сонымен қатар ҚТҚ шығару шарттары өзгеруі туралы оларды енгізудің алдында кем дегенде 10 (он) күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабардар ету;
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
- Қызмет беруші құқылы:
- Тараптардың жауапкершілігі
- Қызмет беруші және Тұтынушы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзінің шарттық міндеттерін сәйкес дәрежеде орындамағаны немесе мүлдем орындамағаны үшін жауапкершілікке ие болады.
- Қызметтерді уақытылы төлемеген жағдайда Тұтынушы Қызмет берушіге өсімді төлейді. Өсімді есептеу есепті айдан кейінгі айдың 26 күнінен бастап, әрбір төлем жасамаған күні үшін төленбеген соманың 0,1% мөлшерінде жүзеге асырылады.
- Айыппұл мөлшерін төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
- Дауларды қарастыру тәртібі
- Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар олардың сот алдында реттеу үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттенеді.
- Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
Бұл ретте шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот даулары Қызмет көрсетілетін тұтынушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.
- Шартпен реттелмеген барлық сұрақтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі жағдайларымен, Астана қаласы аумағын қолданыстағы абаттандыру Ережелерімен және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілермен сәйкес қарастырылады.
- Шарттың қызмет ету мерзімі
- Шарт бұқаралық ақпарат құралдарында Исатай аудандық «Нарын таңы» газетіндежарияланған күнінен бастап күшіне енеді және тұтынушы үшін ҚТҚ шығару бойынша қызмет көрсетуді бастау.
- Шарт «Аққыстау ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-мен жасалған 2019 жылғы «25» ақпандағы №3 Сенімгелік басқару шарт тоқтатылған күнге дейін қолданылады, ал соңғысы ұзартылған жағдайда сол мерзімге ұзартылған болып есептеледі.
- Форс-мажор жағдайлары
- Тараптар Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе сәйкес дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершіліктен еңсерілмейтін күш әсерінен туындаған жағдайы кезінде (апатты жағдайлар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу және т.б., одан әрі - «Форс-мажор») босатылады, олар Шарт жасалғаннан кейін туындаған және оларды Тараптардың біреуі де алдын- ала мүмкін құралдармен болжай және болдырмай алмады.
- Форс-мажор жағдайлары орын алған кезде Тараптар шарт міндеттерін сақтамағаны үшін материалды жауапкершіліктен босатылады, егер Форс-мажор жағдайына түскен Тарап Форс- мажор жағдайының орын алғаны туралы басқа Тарапты хабардар етсе және олар әрекет етуі тоқтаған сәттен бастап Шарт міндеттерін орындауды жалғастырған жағдайда.
- Форс-мажор жағдайлары Қазақстан Республикасы Сауда-өндірістік палатасында куәландырылуы тиіс.
- Ерекше жағдайлар
- Тұтынушы қалдық шығаратын ұйыммен қалдықты шығаруға Шарт жасаудан және оны бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы емес, себебі өмір сүру барысында қалдықтар тұрақты пайда болады, орнатылмаған жерд қалдықтарды заңсыз тасталуын алдын-алу және қоршаған табиғи ортаға олардың жағымсыз әсер етуін болдырмау керек.
- Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес жария болып табылады.