Аққыстауда 33 пайыз сайлаушы дауыс беріп үлгерді

Исатай ауданы, Аққыстау ауылында қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың 33 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Бұл жөнінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Меңдібаев хабарлады.

- Аққыстау ауылы бойынша 6 сайлау учаскесінде 6269 сайлаушы тіркелген, дауыс беру басталғаннан сағат 11.00-ге дейінгі аралықта 2000-ның үстіне адам дауыс берді. Ауыл тұрғындары бұл сайлауда белсенділік танытуда, өтініш бойынша сайлау участкелерінен тыс жерлерде жылжымалы жәшіктер арқылы дауыс беруге де мүмкіндік жасалған. Барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар толықтай сақталған, - деді ол.

Айта кетейік, Аққыстау ауылдық округінің әкімін сайлауға дауыс беру әлі де жалғасуда.

Н.НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521