«Қазіргі таңда Исатай ауданында 14 жоба құрылысы аяқтала келді. Олардың қатарында Аққыстауда 100 орындық жатақханасымен қоса салынып жатқан 320 орындық мектеп және Жанбай ауылындағы спорт кешені бар» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«2012 жылы басталып, құрылыс жұмыстары тұрып қалған Х.Ерғалиев, Жанбай, Зинеден, Тұщықұдық елді мекендерін электрлендіру жұмыстары жүруде. Исатай ауылында (9 га, 3 учаске) және Кобякова – Забурын каналы бойында (7,9 га, 4 учаске) құм тоқтату жұмыстары басталуда. Сонымен бірге, ТШО компаниясы «Игілік» бағдарламасы аясында Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебіне 350 орындық жапсаржай құрылысының жұмыстары басталуда. Оған қоса, Жанбай, Тұщықұдық, Нарын ауылдарының ауылішілік жол құрылыс жұмыстары жүріп жатыр» деп нақтылады спикер Полымбет Хасанов.