Аққыстаудың өз «Қазақ елі» бар

Елорда күніне орай Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында жақында ғана құрылысы аяқталған «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағының ашылу салтанаты өтті.

Ұлттық нақышта безендірілген жаңа саябақтың ашылу салтанатында беташар сөзді аудан әкімі Марат Мурзиев алды. Алдымен аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған ол еуразияның жүрегіне айналған елордамыздың әлем алдында абыройы қалыптасқан алып шаһар екендігін атап, оның іргесін қалап, еңсесін тіктеген Елбасымыздың ерен еңбегін тілге тиек етті.

k

Саябақ ішіндегі ұлттық құндылығымыз - домбыра аспабы, бекіре мен мұнай тамшысы мүсіндерін сыйға тартқан «Потенциал-Ойл» ЖШС-не және оның іргетасын қалап, жұмыстарының ойдағыдай іске асуына тікелей басшылық екен меценат, ҚР «Құрмет» грамотасының иегері, «Болат-Д» мекемесінің құрылтайшысы, марқұм Дарын Зұлхашевқа риясыз ризашылығын білдірген аудан басшысы арыстай азаматтың арамыздан ерте кеткеніне өкініш білдірді.

Одан соң сөз кезегін алған Дарынның анасы Күлән Әженқызы осынау қуанышты ұлының бөлісе алмағанына аналық жүрегі езіліп, аз ғұмырында үйдің емес, елінің баласы бола білген азаматты жанары жасаурай еске алды. Ұлының атын атап, есімін ескеріп жатқан аудан басшыларына алғысын жеткізді.

Келесі сөз кезегі ауданның белсенді жастары атынан жақында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигон базасында бесінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, облыстағы жүлделі екі жас сарбаздың бірі атанған Әлішер Сұлтанға берілді.

k

Жиылған көпшілікті мерекемен құттықтаған жас түлек аудан басшысына осындай керемет мәдени-демалыс саябағын салуға басшылық еткені үшін алғыс сезімін білдірумен қатар, жастарға осынау орынды ұқыпты ұстап, мұндағы әрбір затқа өз мүлкіміздей құрметпен қарасақ деген тілегін жеткізді.

k

Саябақ лентасын Дарын Зұлқашевтың анасы Күлән Әженқызы мен Исатай ауданының Құрметті азаматы Жұмажан Қадимов қиды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Cуреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521