Аққыстаулық Аружан «Елбасы медалін» иеленді

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы секілді 7 негізгі бағыттан тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған жобаға Исатай ауданынан Атырау облыстық Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің соңғы курс студенті Аружан Семғалиева да қатысқан болатын. Нәтижесінде «Қола медаль» туры бойынша үздік танылып ауданымыздың абыройын асырды.

- Өзім білім алып жатқан коледж мұғалімдері осы жобаға қатысу жайлы ұсыныс білдірді. Қуана құп алып, бағымды сынап көруді жөн көрдім. 7 бағыттан тұратын жоба шарты бойынша жарыс «алтын», «күміс», «қола» болып үш турға бөлінеді. Және әр бастапқы үміткер «қола» кезеңінен бастап сынға түседі, - дейді Аружан.

Осылайша исатайлық ару алты айға созылған жобадан үздік танылды.

marapat12

Тұңғыш өтіп отырған жоба жеңімпаздарын Елбасының өзі марапаттауы тиіс еді. Алайда, елдегі шектеу шараларына сәйкес Аружанға қола медальді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қаменова табыстады.

Айта кетейік, Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT