Аққыстаулық мейірбике облыстық форумнан олжалы оралды

Биыл Исатай аудандық аурухана ұжымы үшін қуанышты күндерге толы жыл болғалы тұр.

Оған дәлел тағы да бір мейірбикеміз облысымызда өткен «Асыл ана Атырау-2020» форумында жүлдегер атанып, жоғарыда аталған ұжымның мерейін асқақтата түсті.

Аудандық ауруханада 10 жылға жуық физиотерапия мейірбикесі болып еңбек етіп келе жатқан Айдана Шакидоллақызының есімі ауылдастарына жақсы таныс. Үнемі емделушілердің алғысына ие болып жүрген Айдана Шакидоллақызы 4 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Білікті маман жақында 123 үміткер қатысқан «Асыл ана Атырау-2020» форумында мейірбикелер арасында дара шығып, облыс бойынша «Медициналық қызметкер АНА» номинациясын жеңіп алды.

Бұл атақ та мейірбикеге халық денсаулығына сіңірген айрықша еңбегі үшін берілгені сөзсіз.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз