АӘК-тен алған ақша кері қайтарыла ма? Сенатор не дейді?

Қамысқалалық Айгүлдің 4 баласы бар, жолдасы - жұмыссыз.

Ол аудандық жұмыспен қамту орталығынан Үкіметтен артық атаулы әлеуметтік көмек алғаны үшін 175 мың теңге өндіруге деп хабарлама келгелі бері ұйқысыз жүрген көрінеді.

Өткен жылы біраз отбасыларды жарылқап, Үкімет қуанттық дегенмен, арасында осы АӘК-тен алған ақшаны кері қайтаруға міндеттелгендер де бар. Осы жерде кінәлі кім екенін анықтау да қиынға соғыр отыр. Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қамысқала ауылдық округінің тұрғындарымен болған кездесуінде көпбалалы ананың сауалын аяқсыз қалдырмайтынын айтты. Сондай-ақ сенатор, оның құжаттарын өзіне алып, тексеретінін және осы мәселе төңірегінде қарайтын әлі де біраз жайттардың бар екені, министрлікпен ақылдасқан түрде жауабын беретінін айтты. Кездесуде депутат соңғы уақытта қабылданған заңдар мен халық арасындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.

qamisq

Әр тоқсан сайын халықпен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдау - қалық қалаулыларының міндеті. Мұндай кездесулердің басты мақсаты - алдымен 2019 жылғы Сенат жұмысының қорытындыларымен таныстыру, өткен жылғы қабылданған заңдар туралы айту, әлеуметтік маңызы бар заңдарға қысқаша тоқталу.

- Мен жоспарлы кездесуімде жиынға келген тұрғындардың ой-пікіріне құлақ түремін. Біз қабылдаған заңдардың қалай жұмыс істеп, немесе тағы да қандай заңдарға өзгеріс енгізу қажеттігін, сол облыстың, ауданның, ауылдың көлемінде қандай мәселелер бар екенін көзбен көріп, құлақпен есту үшін және оны алдағы қызметімізде мәселелерді министрлікке жеткізіп, шешуге тиісті жайттарды дер кезінде қолға алып жұмыстану үшін келдім, - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сәрсенбай Құрманұлы.

qamisqala-en

Депутат есебін тыңдағаннан кейін ауыл тұрғындары арасынан Қамысқала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Мусин, Новобогат орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибігүл Төлеуова, ардагер Ибатолла Сәтенұлы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сенат депутаты жеке қабылдау да өткізіп, бірқатар ауылдастар ойда жүрген мәселелерін айтты.

ensegenov-qam

Толық мағлұматты газетіміздің №2 санынан оқи аласыздар.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT