Абай атындағы мектепте Абай әні шырқалды

Абай атындағы орта мектепте "Жастар жолы - жарқын жол" атты кеш ұйымдастырылды.

Онда алдымен "Жас мамандар" мектебінің жасаған жұмыстарынан бейнеролик көрсетіліп, жетекшісі А.Жүгінісова жыл бойы жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

abai-ani-6

Бұдан кейін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жас ұстаздар "Көзімнің қарасы" әнін орындаса, бір топ жас мамандар оқушыларды адамгершілікке, ғылымға, білімге үндейтін ақынның қара сөздерінен үзінділер келтірді.

Аталмыш кеште жастар тобы "Тақиялы періште" тақырыбында музыкалық көріністі көңілді билерді билесе, сонымен бірге олар жастар жылының қорытындылануына байланысты өткен апталыққа орай дайындалған тақырыптық роллапты да таныстырды.

abai-an6

Өз кезегінде мектеп директоры Қамбар Жәлекеев жас ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеп, "Жаңартылған білім - жаңаша дамудың кепілі" атты тәлімгер мен тәлім алушылардың командалық сабақтар байқауында жеңімпаз атанып, өз білімі мен біліктілігін талап деңгейінде көрсеткені және белсенділіктері үшін бір топ жас ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ жастар ресурсы орталығының маманы Жансая Мұратқызы да жастармен бірлескен жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бір топ ұстаздарды дипломдармен марапаттап, барша жас мамандарға алғысын білдірді.

an-abai-6

Соңында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағанына орай Абай атындағы орта мектептің жастары "Мейірім" еріктілер тобын құрып, оқушылар мен ұстаздарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Меруерт ДӘУЛЕТКЕРЕЙ,

Абай атындағы орта мектептің ұстазы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521