АБАЙ ОҚУЛАРЫНДА ОҚУШЫ ОЗДЫ

 

Биыл қазақтың бас ақыны атанған ағартушы, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл. Осы орайда аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» көркемсөз сайысы өтті. Байқауға 16-35 жас аралығындағы 11 жас  белсене қатысты.

Аталмыш іс-шараның бірінші кезеңінде ақын А.Құнанбаевтың бір өлеңін мәнерлеп жатқа айту болса, екінші кезеңде біраз қатысушыларды сүріндірген 45 қара сөзінің бірін билет суыру арқылы жатқа айту болды. Ал соңғы кезең ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша түрлі сұрақтарға жауап берілді.Бұл сайыста мектеп мұғалімдері, басқа саланың мамандары және де оқушылар тартысты түрде бақталасты. Алайда мектеп оқушылары шаршы топта тартынып қалған жоқ, олар өте белсенділік, шапшаңдық, ыждағаттық, ізденіс, қырағылық көрсетті. Бірінің бағы, бірінің бабы шапқан додада қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде, Өркен орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әсел Аққалиева 3-орын, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Еркеназ Өтемісова 2-орынды еншіледі. Ал барлық сыннан сүрінбей өткен Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мөлдір Шәкір жүлделі 1-орынға лайық деп танылды.Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сертификаттар табысталды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT