Мемлекет басшысы ұлы Абай туралы «Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» дейді.
«Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген сөзі ұлттық идеологияның өзегіне айналған данышпан-ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Елімізде осынау мерейтойға арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар барысында ақын шығармашылығы ұлықталып қана қоймай, бай мұрасы әрбірімізге ой салғаны анық.
Онкүндік аясында халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, Абай мұрасының тереңдігі мен маңызы кеңінен насихатталса, елімізде алғаш рет ұйымдастырылған мерейтойлық онкүндік Семей қаласынан бастау алып, қорытынды шарасы ақынның кіндік қаны тамған Қарауыл ауылындағы «Абай күнімен» түйінделді. Біз мерейтойлық шараларға Атырау облысы делегациясы құрамында қатысып қайтқан аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметовті әңгімеге тарттық.
Жалғасы газеттің №33 (4246) санында
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР