Абдул-Азиз - ең кішкентай бақытты клиент

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. ⠀

Осы ретте Атырау облысы Исатай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына Марғұлан Сатыбалдыұлы есімді әкесі кішкентай баласы Абдул-Азизге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын рәсімдетті. Қазақстан Республикасының алғаш рет төлқұжатын рәсімдеткен ең кішкентай клиент мамыр айында 2 жасқа толады. ⠀

Қызмет көрсеткен Исатай аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі тобының қызметкерлерінің жедел жұмыстарына риза болған балақайдың әкесі тәртіп сақшыларына өз алғысын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT