Әбекең де ардагерлер сапында

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен жылжабар жиындардың бірі ардагер әріптестерді ұлығылауға арналып, көптің көңілінде әдемі әсер қалдырды.

Серіктестік директоры Қайрат Әбуов сөз сөйлеп, ардагер әріптестерге ізгі ниетін арнаған, облыстық филармония әншілері болса әннен шашу шашқан салтанатта құрмет көрушілердің ортасында әріптесіміз, 30 жылға жуық уақыттан бері «Нарын таңының» жүгін бір кісідей көтерісіп-ақ келе жатқан фототілші Әбілмажан Шарапиденов те болды.

Әрине, жиынға жиналған қай-қай ардагердің де еңбегі еректігін жоққа шығаруға болмайды. Олардың баршасына да соған лайық сый-құрмет көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды, мерейін асырар марапаттар ұсынылды.

Әріптесіміз Әбекеңе де сол салтанат барысында облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хаты табысталды, «Атырау-Ақпарат» ЖШС ардагерлер кеңесінің мүшелік билетін иеленді, медиахолдингтің ескерткіш сыйлығы – өз фотосуреттері жинақталған альбом-кітапша да тапсырылды.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз