АДАЙБЕК – "ЕЛ АҒАСЫ" АТАНДЫ

Ел мұраты, ел амандығы жолында аянбай еңбек етіп, тынбай ізденіп, белсене жұмыс істеп жүрген азаматтар қай өңірде де бар ғой.

 

Елдіктің сөзін айту, ауылдың көкейкесті мәселелеріне кеңінен араласу  секілді  ізгі қасиеттерді бойына сіңірген сондай сиректердің бірі, арқалы ақын, өңірдің арғы-бергі тарихы мен жер-су атауларының білгірі, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, ауыл жанашыры,мемлекеттік награда «Ерен  еңбегі үшін» медаль иегері, Жанбай ауылдық округі  әкімі аппаратының бас маманы Адайбек Сәдірұлы десек артық айтпаған болар едік.

Әрине, Адайбектің өзіне салсаңыз, кішіпейіл мінезіне салып, мақтау атаулыдан бой тартып, қарапайым қалып таныта беретіні бар. Бірақ оның осы кезге дейін ел-жұрты үшін атқарып келе жатқан іс-шаруалары, қиындық атаулыда тығырықтан шығар жолды тауып, жөн көрсете білетіні көпшілікке мәлім. Сондықтан да оны жергілікті тұрғындар құрмет тұтады, жас буынға үлгі етеді.

Нарын өңірінде дала академиктері деп атауға тұрарлық аға буынның үлкен бір шоғыры бар еді. Олар елдің  жайын да жақсы білетін, айналадағы шаруаны да үйлестіріп жүретін. Солардың бірқатарының жүзін көрді, енді бірқатарының ұстаздық тәлімін ұғынды, жанына еріп жүріп, жақсы сөздерін тыңдады. Уақыт дегеніңіз сол, міне, енді алдыңғы қатарға өзі де келіп қалыпты. Осылайша  өмір-мұхит айдынында тіршілік кемесін бұрынғыдай еркін жүздіріп келе жатқан Адайбек Есекешке өткен аптада ауылдың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосқаны үшін аудан әкімі Нұрым Мусин Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Ел ағасы» алтын төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.

Аяпберген САЛИХОВ

                                                                  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT