Адалдық пен әділдік – қоғам тұрақтылығының негізі

Фото интернеттен

Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау маңызды міндеттердің біріне айналды. Өйткені қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі дәл осы қағидаттардың сақталуына тікелей байланысты.

Мемлекеттік қызметші әр ісінде заңдылықты, ашықтықты және жауапкершілікті басшылыққа алуы тиіс. Адал қызмет – халық сенімін нығайтатын ең басты көрсеткіш. Парасаттылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әділ шешім қабылдау – кәсібиліктің белгісі.

 Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі әдеп мәдениетін күшейту – қоғаммен тиімді коммуникация орнатудың негізгі тетігі. Азаматтарға сыпайы қызмет көрсету, ақпаратқа қолжетімділік, өтініштерге жедел жауап беру – мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастырады.

 Әрбір мемлекеттік қызметкер – өз өңірінің де, өзінің мекемесінің де айнасы. Сондықтан кәсіби тәртіп пен жоғары әдеп мәдениетін ұстану баршаға ортақ парыз.

 

Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.А.Махмутов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT