Адалдықты ту еткен ел озады

сурет ашық дереккөзден

 

Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер өте көп. Ең негізгі себептердің бірі – мемлекеттік қызметшінің халық атынан өзіне сеніп тапсырылған өкілеттілікке бейжай қарауы, жеке бастың қамын ойлауы, құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарауы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі және парақорлықтың зардабын сезінбеуі.

Ел болашағы мен мемлекеттік қызметтің әрбір саласына нұқсан келтіріп, халықтың билікке деген сенімін жоғалтатын парақорлық, жемқорлық дертімен күресудің жолы біреу ғана – жемқорлыққа жол бермеу. Жемқорлық фактілерін көре тұра немқұрайлық танытпау, заңсыздыққа жол берілген жағдайда оны әшкерелеу, пара бермеу және пара алмау – әр азаматтың міндеті. Қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіні белгілі. Елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартуға, экономикалық дамуға, демографиялық өсімге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан тұста, алға басқан қадамымызды кейін тартып, дамуымызға тұсау болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету процесі «Е-лицензиялау», «Дефольд» бағдарламалық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкер мен қызмет алушы арасында тікелей байланыс болмауы үшін өтініштер электронды түрде қабылданып, сол жүйе арқылы жауап беріледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жөнінде халықтың уақытылы өтініш жасау мүмкіндігін арттыру және басқармадағы осындай фактілерге жедел ден қою мақсатында 2-04-70 сенім телефоны үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен бірге, әртүрлі сұрақтар бойынша кеңес беру бөлмесі арқылы жауап беріледі. Мекемеде арнайы арыз-шағым жәшігі орнатылған. Басшының азаматтарды қабылдау күні – әр айдың сәрсенбі күні сағат 14:30-дан 18:30-ға дейін. Қабылдауға келген азаматтар арнайы журналға тіркеледі. Бүгінге дейін 6 тұрғын тіркелген. Басқармада 4 нүктеге бейнекамера орнатылған. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында арнайы бұрыш жасақталып, «Өзіңді заңсыз тексерістен қорға!», «Сізден пара сұраса – хабарласыңыз!», «Сыбайлас жемқорлық жазаланады», «Болашағыңа балта шаппа – жемқорлықтың жібін үз!» сынды ескерту парақтары ілінген.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан бұл келеңсіз құбылыспен күрес – тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресті бүкіл халық болып қолға алғанда ғана нәтижелі болмақ. Бұл жолда әр адам өзінен бастауы керек.

 

Ардақ НҰРАЛИЕВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT