АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

(0 Votes)

  Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Абдолов Аманкелді Аманиязұлының  аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

 Басқосуды аудан әкімі Нұрым Мусин ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық белсенділер, жастар, мекеме-ұйым, салалық бөлім қызметкерлері және жеке тұрғындар қатысты.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі  Конституциядағы  адам құқықтары, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері, уәкіл қызметінің қағидаттары, уәкіл қызметінің кепілдіктері, мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың міндеттері, өтініштерді қарау тәртібі туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Кездесудің соңында  аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, консультациялық кеңестер берді.

                                                                                 Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT