Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының қарарларына сәйкес 1 наурызда жыл сайын азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді.
Азаматтық қорғаныстың мақсаты – табиғи авариялар мен техникалық сипаттағы жойқын апаттардың алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы бағытта аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен семинарлар, ашық сабақтар, сұхбаттар, кездесулер өткізіліп, онда «Азаматтық қорғаныс туралы» заңының ережелері, нормативтік актілері, мақсаттары мен талаптары тұрғындарға жан-жақты түсіндіріліп келеді. Сондай-ақ кез келген төтенше жағдайға дайындығымзды тексеру мақсатында мекемелер арасында оқу- жаттығулар ұйымдастырылуда.
Ғарипжан ҚҰРМАНОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны