АДЫРАСПАННЫҢ АЙЫППҰЛЫ – 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

(0 Votes)

Ресейлік заң қорғаушылардың айтуынша, елімізде емдік өсімдік саналатын адыраспанның құрамында гармин атты галлюциногенді зат бар. Айналаны алаңдатқан  заңсыз айналым үшін көршілес елде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Біздің қазақ адыраспанды «киелі өсімдік» деп біледі. Адыраспанның киесі, қасиеті – шипалығында. Әрі адыраспан – улы өсімдік. Адыраспанның сабағы, жапырағы, тіпті оның түтінінде де шипа да бар.Тіпті, буыны ауырып, балтыры сыздаған жанға адыраспаннан қайнатқан суды пайдаланса, өзіндік шипасын тигізген. Адам ғана емес, адыраспан жан-жануарларға да ем екен. Малдың қотырын бұрын адыраспан қайнатпасымен жуып, жазатын. Дала жануарлары да дерт меңдегенде адыраспанға аунап жазылатынын үлкендер айтып отыратын.Ал енді бүгінгі күні көршілес елдің заңнамасына сәйкес  көпшіліктің көңіліне күмән түсіргендей болды.Осыған сәйкес, еліміздің барлық өңірінде, қоғамдық орындарда, мекемелерде кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі күні кеше Аққыстау орта мектебінің мұғалімдерімен кездесіп, маңызды хабарлама туралы түсіндірдік.Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға Ресей елінің аумағына өту кезінде құрамында есірткі заты бар адыраспан шөбін алып өтпеуін қаперге берілді.

Айта кетейік, ресми деректерге сүйенсек, енді адыраспанды алып шекарадан өткендерге 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Қылмыскер адыраспанды аса ірі мөлшерде тасымалдау кезінде ұсталса, 5 млн теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Сондай-ақ 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

 

Руслан БАҒЫТОВ,

аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі,  полиция капитаны

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT