Аграрлық экспортты дамыту — ұлттық экономиканың жаңа басым бағыты

 

Аграрлық экспортты дамыту – еліміздің ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтерудің маңызды тетігі. Осы бағытта нақты әрі жүйелі жоспар әзірлеу — уақыт талабы. 

Әсіресе, агроөнімдердің шетел нарығына кедергісіз шығуы үшін логистика мәселесін шешу, ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарды халықаралық стандарттарға сай ету аса қажет. Бұл талаптардың сақталуы отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, әрбір мақсатты нарыққа бейімделген тиімді маркетингтік стратегияны қалыптастыру – экспорт көлемін ұлғайтудағы шешуші қадам.

Мұндай жоспар тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, Сыртқы істер министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Қаржы министрлігі сияқты бірнеше мемлекеттік органның бірлескен жұмысы негізінде жүзеге асуы тиіс. Сондықтан барлық іс-шаралар Үкіметтің үйлестіруімен бір бағытта жүргізілуі қажет. Ұлттық деңгейдегі мұндай кешенді жоспар еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін толық ашуға және халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға жол ашады.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT