Агрохабтар мен логистика орталықтарын дамыту — қазіргі заманның ең өзекті әрі стратегиялық маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағыт ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде ұйымдастыруға, өндіріс пен тасымалдау үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Агрохабтар фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындар арасында байланысты күшейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуын, өңделуін және уақытылы нарыққа жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, заманауи логистика орталықтары өнімнің сапасын сақтауға, шығындарды азайтуға және делдалдар санын қысқартуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта бағаның тұрақтануына, ал сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына жол ашады. Агрохабтар арқылы өнімді сұрыптау, қаптау және сертификаттау жұмыстары жүргізіліп, экспорт талаптарына сай дайындауға мүмкіндік туады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруда да агрохабтар мен логистика инфрақұрылымының рөлі зор. Олар халықаралық нарыққа шығуға жағдай жасап, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына серпін береді. Осыған байланысты аталған бағытта мемлекеттік қолдау тетіктерін күшейтіп, инвестиция тарту, заманауи технологияларды енгізу және білікті мамандар даярлау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл шаралар ауыл аймақтардың экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі


