Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында ең өзекті мәселелердің бірі – агрохабтар мен заманауи логистикалық орталықтарды қарқынды дамыту. Мұндай инфрақұрылымдық нысандардың маңызы орасан, себебі олар ауыл шаруашылығы өнімдерін тез әрі сапалы өңдеуге, ұзақ сақтауға және нарыққа жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл, ең алдымен, фермерлер үшін қолайлы жағдай туғызып, олардың шығынын азайтып, табысын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Өнімді тасымалдау мен сақтау тізбегінің тиімділігі артқан сайын ішкі нарықтағы баға тұрақтануға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайына да оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, агрохабтар экспорттық әлеуетті күшейтуге кең жол ашады. Өнімдерді стандартқа сай сұрыптап, қаптап, халықаралық талаптарға бейімдеу мүмкіндігі көбейген сайын, қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Логистикалық орталықтар арқылы экспорттық тасымал жылдамдап, шығын көлемі азаяды, бұл ел экономикасына қосымша қарқын береді.
Жалпы алғанда, агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту – ауыл шаруашылығының тиімділігі мен өнімділігін арттырудың, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың және Қазақстанды аймақтық агроөнеркәсіп орталығына айналдырудың маңызды тетігі болып табылады.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі


