«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық акциясы өтті

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараттық-насихаттық тобы ауданымызда болып, «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Шараның басты мақсаты –өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбиенің «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» мемлекеттік бағдарламасын насихаттап және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мәртебесі мен беделін арттыру.
Аталған іс-шараға Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Асхат Айтенов, Исатай ауданы Қорғаныс істер бөлімінде ұзақ жыл еңбек еткен, әскери қызмет ардагері Руслан Амиров пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин және мектеп оқушылар мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Жиын басында сөз алған Асхат Айтенов шараның өзектілігі мен әскердің ел үшін маңыздылығын атап айтты.
-Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан бастау алады. Еліміздің өркендеуі мен дамуының, тәуелсіздіктің тұғырлы болуының басты кепілі – жасақталған айбынды әскер. Сондықтан әр адамның Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуі маңызды. Қазіргі таңда әскерге барған азаматтарымыз үшін көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Атап айтсақ, мерзімді әске¬ри қызметін өтеген барлық азаматтар¬ға ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әскери борышын өтеген соң екі жыл ішінде жоғары оқу орындары¬на түсуге мүмкіндік бар. Бұрынғы әскери қызмет¬ші¬лерге жоғары оқу орындарының әскери ка¬федрасында тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Еліміздің барлық өңіріндегі 40-қа жуық жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беретін болады. Бұл да жас сарбаздарға деген ерекше қолдау және елдің ертеңі үшін жасалған үлкен қадам,-деді және жиналған жас өрендерді рухтандырып, әскерге барудан қашпауға шақырды.
Шара аудан өнерпаздарының рухты, патриоттық әндерімен жалғасын тапты. Оған қоса, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп пен Аққыстау орта мектебінің әскери-патриоттық клубы мүшелері автомат шашып-жинаудан өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық ән тарту етті.
-Жасыратыны жоқ, әскерге барудан жалтаратын жастар бар, әрине себебі де түсінікті. Дегенмен де, баланың бойында жастайынан Отанға деген махаббат пен елдің ертеңіне алаңдар жанашырлық қасиет болуы керек. Біздің ата-бабаларымыз қай ғасырда болмасын аттан түспей, білектің күшімен отанды қорғады. Ал, қазір заман мүлдем бөлек. Жастарға жан-жақты жағдай жасалып, бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан осындай заманда ерлікке ұмтылып, бір жыл Отан алдындағы борышын өтеу жастар үшін мәртебе болуы шарт. Келешекті ойласақ, айбынды арқа сүйер азаматтарымыз көп болсын десек, ауданымызда әскери-патриоттық клуб құрылуы керек. Өзіндік ережесі мен жүйелі жоспарлары болуы қажет. Әрбір өткізілетін шараларды қолдайтын демеушілері де болғаны дұрыс. Әскери-патриоттық клуб жас өрендерді еңбекке баулып, отансүйгіш қасиетін жандандырып, зиянды нәрселерден алшақтатуға бірден-бір қадам,-деді аудандық қоамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин. Жаңа Қазақстанның болашағы – қуатты әскер. Әскер қатарында болып, өзінің Отан алдындағы парызын өтегеніне көп болмаған Ерсін Есенгелдіұлы жиын барысында жас ұландарға әскерге барудың маңыздылығы жөнінде әңгімелеп берді.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT