ӘЙЕЛДІ АРДАҚТАҒАН ҚОҒАМ АЛҒА БАСАДЫ

Х. Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия мен «Amanat» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел-кәсіпкер, әйел-саясаткер, әйел-қайраткер» атты форум өтті.

Форумға аудан әкімі Полымбет Хасанов, Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айгүл Әжіғалиева, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов, Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, Атырау облысы әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Нұрлы Айтиева, Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Фатима Тулеева мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбарша Иманғалиева, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпахова мен Исатай ауданы мен Жетісу облысының Құрметті азаматы, дәстүрлі әнші, сазгер Гүлмайдан Сүндетова және ауыл әкімдері мен ардагер әжелер, өңірге танымал және аудандық іскер әйелдер қатысты.

_dsc0040

Екі бөлімнен тұрған форумның түске дейінгі бөлігі әйел кәсіпкерлерге арналған семинар-тренингтен бастау алды.  Семинар-тренигке Атырау облыстық кәсіпкерлік палатасының бизнес-тренері Ақан Жексенғалиұлы мен Атырау облыстық әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Ерсайынқызы келіп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсінік беріп, тәжірибе алмасты.

Форумның шымылдығын сәнгер-дизайнерлер ұсынған, отандық өнімдерден жасалған сән үлгілер топтамасы ашты. Атап айтсақ, Айсұлу Уразбаеваның «Мадам Айсу» бренді, жергілікті дизайнер Салтанат Қуанованың  «Салта Қуан» және Бахыт Аманжолованың «Зиба» бренд сән үлгілері көрсетілді. Форумды аудан әкімі Полымбет Хасанов ашты.

  • Қазақ әйелі ертеден қайсарлықтың, батылдық пен төзімділіктің әрі ақылдылықтың символы болған. Тарихымыздың қай кезеңінде болмасын аналарымыз асқан ерлігі мен қатар өнегелі істерімен дараланып отырған. Отбасы мен Отанына қорған бола білген аналарымыздың ізін жалғап,еліміздің алға басуына үлес қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектеріміз бүгінде жетерлік. Осындай іскер әйелдердің қатысуымен ауданымызда жоспарлы шаралар, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Іскер әйелдер қатысуымен өткелі отырған «Әйел-кәсіпкер, әйел-саясаткер, әйел-қайраткер» атты аудандық форумға баршаңыз қош келдіңіздер! Әйел аналарымыз отбасының тірлігінен бөлек, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Оған дәлел ретінде ауданымызға қарасты мекемелерде қызмет етіп, басшылық жасап жүрген әріптестерімізді тілге тиек етуге болады. Өздерінің білім мен біліктілігінің арқасында әр салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларымыз халықтың алғысына бөленіп келеді. Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің жүйесінде 7 әйел мемлекеттік қызмет саласында басшылық қызмет атқарса, 11 мәслихат депутаттың үшеуі нәзік жандылар. Әйелдердің қоғамдық және кәсіпкерлік қызметіне барынша тарту, жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың құқығын қорғау мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар комиссия мүшелері қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, әйелдерді үйдегі зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында нәтижелі жұмыстарды атқаруда. Ауданымыздың қыз-келіншектері үшін ұйымдастырылып отырған форум жұмысына сәттілік тілей отырып, тың идеялар мен шығармашылық жағынан өсуге жол бастайтын жаңалықтарымыз көп болсын дегім келеді. Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Отбасыларыңызда қуанышты күндер көп болсын. Әлемнің жарығын сыйлаған ақ жаулықты аналарымыз, қарагөз қарындастарымыз, ақылшы апаларымыз қасымызда аман жүрсін,-деді ол.
    _dsc0141

Форумда алғашқылардың бірі боп сөз алған Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айгүл Әжіғалиева өз ойын былайша сөз сабақтады.

  • Құрметті форум қатысушылары өздеріңізбен бас қосып, жүздескеніме шын жүректен қуаныштымын. «Әйел-кәсіпкер, әйел-саясаткер, әйел-қайраткер» атты аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия мен «Amanat» партиясы аудандық филиалымен бірлескен форумды ұйымдастырғандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Үлкен бастама облыс әкімнің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия мүшелері, басқа аудандардан әкім орынбасарлары, комиссия қатысушыларын шақырып, тәжірибе алмасулар өте орынды іс. Мемлекеттік саясатта отбасылық және гендерлік саясат күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Ауылда жұмыс жасайтындардың басым бөлігі негізінен әйелдер екені белгілі. Мұғалім, дәрігер, мәдениет саласында, кәсіпкерлікті дамытуда, арнайы мамандықтар бойынша қызмет көрсету орталықтарында негізінен нәзік жандылардың үлес салмағы жоғары. Ауыл әйелдері мемлекеттік қызметте, өкілетті органдарда, сот, квазимемлекеттік және корпоративтік секторда негізінен әйел көшбасшылығы өсіп келеді. Атырау облысында шағын және орта бизнестің дамуына әйел кәсіпкерлердің де өз үлестері зор. Әйелдер белсенділігі бізді қуантады. Қазіргі таңда өңір бойынша әйел кәсіпкерлердің көрсеткіштерінің өсу тенденциясы байқалады. Бүгінгі таңда екінші деңгейдегі  банктер, кепілдік өтімділігінің күші төмен болуынан ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларды қаржыландырудан көбіне бас тартады. Бұл ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын проблемалық мәселелердің бірі. Осы мәселені шешу мақсатында облыс басшысының қолдауымен соңғы тоғыз жылда ауылдық кәсіпкерлерді қолдау үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд. жуық қаржы бөлінді. Бұл «Бизнес аймақ» атты өңірлік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың 40 пайызы әйел кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл қаражатқа 531 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобасы іске асырылып, 738 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде әйел кәсіпкерлерінің үлесі 46 пайыз. 2023 жылдағы бұл жұмыстар жалғасады және бұл бағытта бөлінетін қаржының көлемін ұлғайту қарастырылуда. Форумға қатысушылар Қазақстан әлемнің ең озық мемлекеттер қатарына орын алуды мақсат  етіп отыр,Табысты дамуымыздың шешуші факторы адам рессурстары екені сөзсіз. Әсіресе алғыр да білгір, жаңашыл, еңбекқор қыз-келіншектеріміздің өз мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау аса маңызды. Соның ішінде перспективада Қазақстанда стратегиялық артықшылық беретін ауылшаруашылығын, ауылдық өңірді дамытудың олардың ролі айрықща болмақ. Әйелдер қоғам мен отбасының мүддесін ортақ шеше алатын жандар. Ауылды көркейтіп, ауылшаруашылығын дамытып отырған нәзік жандардың еңбектеріне табыс тілеймін,-деген ол сөз соңында өңірдің әлеуметтік -экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін Балғаным Қайырлиева мен Рафиғат Тәжиденованы Атырау облысы әкмінің Алғыс хатымен  марапаттады.

 _dsc0250

Сонымен қатар форумда «Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен Күләш Нұрманованы,Назым Идресованы, Қамажай Зайнованы, Гүлайна Құрманғалиеваны марапаттаса, ал Ақкүміс Аманбаева мен Нұргүл Хайруллаеваға республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаты салтанатты түрде тапсырылды. Мұндай марапаттаулардан нәзік жандарды жергілікті басшыларда құр алақан қалдырмады. Аудан әкімі Полымбет Хасанов Гүлжан Ізімқызы,Айсұлу Аблишарқызы, Абила Салиева, Ғалия Баташқызын Алғыс хатымен ұлығыланса, аудандық мәслихаттың Алғыс хатына Нэйля Төлегенқызы  мен Шолпан Хамзина ие болды. Сондай-ақ мұндай марапаттарды аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы отбасылық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Нұрғайша Әбежан Айсұлу Оразбаеваға, Салтанат Қуановаға, Бақыт Аманжоловаға, Райхан Әбдіғалиеваға, Гүлмира Хаклидоллақызына және Рима Шабаеваға да табыс етілді. Бұдан соң форумға қатысушылар жергілікті үздік дизайнерлер Райхан Әбдіғалиев, Гүлмира Халидуллақызы,Римма Шабаевалардың сән үлгілер топтамасын тамашалады.

Әр шаңырақтың ұйытқысы атанған аналардың мерейі қашан да үстем болуы керек. Форумның негізгі мақсаты да- осы әйелдердің абыройын арттыру болса керек. Сондықтан, қазақ әйелінің мәртебесін көтеру тұрғысында диалог алаңында спикерлер сөз алып, көптеген мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, Атырау облысы әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Нұрлы Айтиева «Қазақстан республикасындағы гендерлік саясат», «Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов «Бүгінгі Қазақстанның саяси өміріндегі әйел азаматтардың рөлі» және Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Фатима Тулеева «Әйел кәсіпкерлігін қолдауда Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығымен атқарылған жұмыстар туралы» және Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тәжиденова «Қазақ әйелінің бүгінгі келбеті мен қолғамдағы рөлі», тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбарша Иманғалиева «Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дерті» тақырыптарында ой қозғап, аталған тақырыптар аясында қоғамдағы өзекті деген көптеген мәселелер көтеріп, талқыға салды.

 _dsc0320

Сонымен бірге шара барысында «Жылдың үздіктері» де анықталды. Қазақстан Халық әртісі  Гүлжан Талпахова  «Үздік кәсіпкер» номинациясын Ақмарал Мәдиқызына, «Үздік мемлекеттік қызметкер» атағымен Ғалия Дүйсенованы, «Үздік халыққа қызмет көрсету» номинациясын Шынар Қадырханованы, «Үздік мәдениет қызметкер» атағын Зинагүл Мұхтарованы марапаттады. Нұрлы Айтиева «Үздік дәрігер» номинациясын Айымгүл Қадыралиеваға, «Үздік мұнай саласының қызметкері» Әсия Ахметоваға, «Үздік ұстаз» Алма Аманбаева мен «Үздік спортшы» Нұрзила Қадырға тапсырды. Дәстүрлі әнші, сазгер Гүлмайдан Сүндетова «Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясын Мөлдір Мағазоваға, «Үздік байланыс қызметкері» номинациясын Зиға Төлеуішоваға, «Үздік әлеуметтік қызметкер» атағын Элянора Мамбетова мен «Үздік жас ерікті» Аружан Әділжанқызына берді. Жиын соңы ауыл өнерпаздарының концерттік сазды бағдарламаға ұласты.

_dsc0327

 

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521