Айбаста жоғалған азамат аман табылды

Қазан айының 28-і күні 12 сағат 55 минутта Исатай ауданы, Исатай кенті №6-шы ӨСБ байланыс бекетіне ауданның Тұщықұдық ауылдық округінің тұрғыны Борашев Еркін ұялы телефоны арқылы хабарласып, аталған ауылдық округке қарасты Айбас елді мекенінде 1976 жылы туылған азамат Ажыханов Бауыржан қазаннның 26-сында мотоциклімен мал іздеуге шығып кетіп, қайтып оралмағандығын жеткізеді.

Исатай ауданы №6 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Қ.Утешов, №6 ӨСБ жеке құрамынан 7 адам «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын автокөлігімен және «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты «Урал» (вахтовка) жол талғамайтын көлігі, аудандық полиция бөлімінен «Нива» және «»УАЗ Патриот» автокөлігімен 8 қызметкер, 1 кинолог маман, аудандық орталық емхананың 1 қызметкері жоғарыда аталған азаматты іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін сол күніғ яғниқазан айының 28-і күні 15 сағат 48 минутта жолға шыққан.Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Айбас елді мекенінің аудан орталығынан қашықтығы шамамен 200 шақырымды құрайды.

-Бүгін, қазанның 30-ы күні қосымша іздестіру жұмыстарына туыстарынан 16 адам, 4 техника және 3 мотоцикл жұмылдырылды. Сонымен қатар Атырау қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен «МИ-8» тікұшағы да көмекке келді. Бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде азамат Б.Ажыханов Айбас елді мекенінен 15 шақырым жерде орналасқан Батыс Қазақстан облысының Жанқала ауданына қарасты Шапек қыстағының шығыс солтүстік бағытына қарай 43 шақырым жерден аман-есен табылып, тікұшақпен үйіне жеткізілді,-деді аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Абдуллин.

Жоғалып табылған азаматтың мотоциклі бұзылып, соның салдарынан далалықта адасып қалғаны анықталған. Ол ешқандай медициналық көмекті қажет етпеген және туыстарымен жылы қауышқан.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521