Айбастан жолға шығып жоғалғандар табылды

Ақпан айының аяғында табиғат тосын мінез танытып, үскірік аяз бен ақтүтек боран исатайлықтарды әбден әбігерге салды.

Күн райының күрт өзгеруі ықтималдығы жайлы алдын ала хабарламалар арқылы халыққа ескертілді де.

23 ақпан күні 16:00 шамасында Исатай ауданы, Айбас елді мекенінен Тұщықұдық ауылына жолға шыққан жолаушылар із-түссіз жоғалды деген хабар тарады.

Желілерде тараған хабар рас болып шықты. «Нива» автокөлігімен құмнан ауылға бет алғандардың ішінде 8- сыныптың екі оқушысы болған.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел іздестіру шаралары қолға алынып, арнайы іздестіру тобы екі үлкен техникамен таңда жолға шыққан. Топ құрамында учаскелік полиция, дәрігерлер және төтенше жағдай қызметкерлері бар.

«Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 3 адам да табылды. Барлығының жағдайы қалыпты. Олар қауіпсіз жерге орналастырылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен ауылға кейін алып келетін болады» деп хабарлайды баспасөз хатшысы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521