Айбынды оқушылар халықаралық сайыстан олжалы оралды

 

Ақтөбеде өткен «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан Атырау облысының жастары бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Бұл – ел болашағы үшін еңбек етіп жүрген жастардың, ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбегімен келген жеңіс.  Таяуда ғана бір аптаға созылған Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жиыны ұйымдастырылды. 

Бұл – жыл сайын өтетін, ел жастарының әскери дайындығы мен рухын, ұлтжандылық қасиетін шыңдауға бағытталған ірі алаң. Ауқымды іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жас буынға өзінің ақ тілегін арнады. Президент сөзінде жастарға артылар сенім мен жауапкершілік, ел ертеңін қалыптастыру жолындағы міндеттер туралы кеңінен тоқталып, олардың елге, жерге деген адалдығы мен патриоттық рухын жоғары бағалады.

 

 

Биылғы байрақты додаға еліміздің барлық өңірінен және жақын шетелден жиналған 45 команда қатысты. Қатысушылар 11 бағыт бойынша сайысқа түсіп, білімдері мен күш-жігерін, ептілік пен ұйымшылдықты ортаға салды. Иә,аталған байқау шын мәнінде тек жарыс емес, нағыз өмір мектебі іспетті. Атырау облысынан бұл халықаралық деңгейдегі додаға үш команда қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтсақ,  олар  «Хиуаз Доспанова» командасы, Батыс өңірлік қолбасшылығы құрамындағы «Батыс» командасы, «Сармат» әскери-патриоттық мектебінің ұландары да бар. Осы үш команданың сапында ауданымыздағы  екі оқушы облыс құрамасына іріктеліп, өз білімдері мен батылдығын дәлелдеді. Олар – «Хиуаз Доспанова» командасындағы Гүлайым Зиенғали  және Асылболат Болат «Батыс» командасы қатарына қосылды.

 

 

Екеуі де Аққыстау ауылындағы Мектеп-гимназияның  9-10-сынып оқушылары. Гүлайым Зиенғали, жетекшісінің айтуынша  аудан тарихында тұңғыш рет халықаралық әскери жарысқа қатысқан қыз бала ретінде есте қалды. Бұл тек Гүлайымның емес, аудан жастарының, мектеп ұжымының, жалпы қоғамның үлкен жетістігі.  Оның бұл додаға қатысуы – қыз балалардың да ел қорғаны бола алатынын дәлелдеген батыл қадам.

Жалғасы газеттің №26 (4239) санында

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT