Айбыны асқақ мереке

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты ұжымы атынан еліміздің айтулы да атаулы мерекелерінің қатарын толықтырып жатқан – 25 қазан Республика күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі жолындағы айтулы шешім қабылданған күн десек те болады. Өйткені осы атаулы мейрамды қайта жаңғыртуды ұсынған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы» деген болатын.

Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтіле береді.

Қадірменді Исатай батыр атындағы аудан тұрғындары, көк байрағы көгінде желбіреген, айбыны асқақ, беделі биік, ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы атқарылар игілікті істеріміз табысты, бастамаларымыз сәтті болсын!

 

Исатай аудандық мәслихатының хатшысы Н. Мұханбеталиев

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521