Айдана – патриоттық әндер байқауының жеңімпазы

Көктемнің шуақты күндері мерекемен басталады. Осындай сәтте оқырманға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын қуанышты жаңалықпен бөліскенге не жетсін?! Жуырда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов атындағы облыстық патриоттық ән байқауы өткен болатын.

 

Оған облысымыздың әр өңірінен 15 үміткер қатысып, бақ сынады. Күміс көмей, жез таңдай әншілер қатысқан байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Отан, туған ел тақырыбындағы патриоттық әндерді орындаса, ал екінші кезеңде жергілікті сазгерлердің қазақ тіліндегі әндерін орындау қажет болды. Аталмыш сайысқа ауданымыздан жас әнші, «Жалын» мәдениет үйінің қызметкері Айдана Бақытова қатысып, мерейімізді үстем етті. Байқау нәтижесінде, бағы мен бабы келіскен Айдана Бақытова жүлделі I орынды иеленді.

-Әрине байқау жоғары деңдейде өтті. Қатысушылардың қай-қайсысы да өз ісінің шеберлері. Сондықтан өте тартысты өтті. Бұл жеңісім жерлестеріме шуақты көктеммен бірге келетін Наурыз мейрамына сыйлығым деп қабылдарсыздар. Мен балаларға сабақ бергеннен кейін байқауларға қатысып, өзімнің де шыңдалғанымды қалаймын. Сол себепті алдағы уақытта мені демеп, қолдау табылып жатса, республикалық деңгейдегі үлкен байқауларда бақ сынап көрсем деген жоспарым бар,-дейді жеңіпаз.

Иә, өнерпаздарымыз биік шыңдарды бағындырып, біз де жақсылықтың жаршысы болып жүре берейік, аудан мерейін асқақтатқан Айдананың да жеңісті күндері әлі алда екеніне сеніміміз мол.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521