Исатай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай марапаттау шарасы өтті.
Ауданда тіл мәртебесін көтеру бағытында, тіл саясатына үлес қосып жүрген азаматтар облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат алғандардың қатарында әріптестеріміз, аудандық "Нарын таңы" газеті бас редакторының орынбасары Аяпберген Салихов пен "Қазақстан-Атырау" арнасының операторы әрі аудандағы тілшісі Ержан Шеруенов және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, жас ақын Еркебұлан Зинеденов бар. Жиналғандарды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан марапат иелерінің еңбектеріне табыстар тілеп, ауданда әлі де тіл айлығы аясында акция, мүшәйра, т.б. шаралар жоспарда тұрғанын тілге тиек етті.
Өз тілшіміз