Айтпай келетін апатқа дайынбыз ба?

Ақпан айының 25-26-сы күндері аралығында ел көлемінде «Көктем – 2020» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындауды көздейтін оқу-жаттығу жиыны ауданымызда "Жайықмұнай" басқармасының С.Балғынбаев кен алаңында ұйымдастырылды.

Сейсенбі күні өткен жиында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Н.Бозбалиев жауапты мамандармен тілдесіп, алаңда қаз-қатар тізілген жасақтың дайындығына көз жеткізді.

s

- Бүгінгі оқу жаттығуымыз «2020 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» деп аталады. Қазіргі таңда ауданымызда азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері құрылымдарының ұзын саны – 14. Оларда 117 адам, 64 техника бар,- дейді бөлім басшысы. – Оқу-жаттығудың мақсаты көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезге арналған міндеттерді орындау, АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне ауыстыру, АҚЖМ мен халықтың көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілеттік деңгейін арттыру болып табылады, - деген Н.Бозбалиев одан әрі мұнайшылар жасағының техникаларымен, құтқарушылар тобының құрамымен және қызметімен танысты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521