Ауданымыздың ірі өндіріс ошағы - «Жайықмұнайгаз» басқармасына қарасты С.Балғымбаев кен алаңына – 50 жыл толуына орай 6-шы қыркүйек күні ауданымызда дүбірлі айтыс аламаны өтпек.
Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде өтетін жыр додасында қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдыздары Бекарыс Шойбеков, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, сондай-ақ, ауданымыздың мақтанышы Саадат Нұрманов, жылыойлық ақындар Салауат Исахаев пен Сырымбек Сарсембаевтар өнер көрсетеді. Бұл - Алаштың аяулы ақындарының қатысуымен ауданымызда алғаш рет өткелі отырған дүбірлі дода.
Мерейтойға арналған салтанатты шараны Аққыстау ауылындағы орталық стадионда өтетін Гала-концерт қорытындылайды. Мерекелік бағдарламада қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының өнерпаздары ән шырқайды.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.