Қайырымдылық ақциясы жалғасуда

Бүкіл әлемді шулатып, елімізге де келіп қаншама адамды аурухана төсегіне таңып қойған аты жаман індет ауданымызды да айналып өтпеуде.

Дәрігерлеріміз алдыңғы шепте осы індетпен күресіп, ауылдастарымыздың құлан таза айығуына жағдай жасауда.

Бұл тұста дәрігерлеріміздің еңбегі зор. Дәрігерлерімізге қолдау ретінде, науқастарымыздың тез аяқтан тұрып кетуі үшін ауданымыздың кәсіпкерлері, шаруагерлер, қайырымды жандардың көмегімен әр түрлі қажетті құралдар табысталуда.

Күні кеше осындай қолдау өз жалғасын тапты. Ауданымыздағы Жанбай және Тұщықұдық ауылдарының ішкі жолдарын жасап жатқан "Атырау жолдары" ЖШС ауруханадағы дәрігерлер үшін 5000 дана медициналық бетпердені табыстады. Қазіргі ахуалда дәрігерлеріміз әр науқасты бақылаған сайын және әлсін-әлсін бетпердені ауыстырып отыратынын ескерсек, олардың денсаулықтары үшін бұл бетперделердің көп қажеттігі бар. ⠀

Аталған мекеменің аудандағы өкілдері ақ халатты абзал жандардың еңбегіне алғыс білдіріп, аудан көлемінде қызмет көрсетіп жатқандықтан сіздерге қолдау көрсету бұл біздің де міндет деген ақ тілектерін білдірді. Алдағы уақытта да қиын қыстау сәтте қолдауға дайын екендіктерін білдірді. ⠀

Дәрігерлеріміз де мекеме басшыларына, ұйымдастырушыларға алғысын жолдады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521