Жуық арада Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Атырау облысынан 21 оқушы қатысты.
Облысымыздың намысын қорғаған оқушылар арасынан 12 оқушы жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, ауданымыздың абыройын үстем еткен оқушылардың бірі-Аққыстау орта мектебінің 10 -сынып оқушысы Айзере Сырымқызы. Ол республикалық «Ауыл» олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жүлделі екінші орынға ие болды. Пән мұғалімі- Әмина Тастемірова.
-Айзере-өте қабілетті,әрдайым талаптанып, ізденіп жүретін оқушыларымның бірі. Оқушымның тіл әдебиетке деген ынтасы ерекше,сөз өнерін жете түсінеді. Өз ойын еркін жеткізеді, мектегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Болашағынан зор үміт күттіретін білімді де дарынды оқушым. Оның келешекте білікті маман иесі болатынына сенімдімін,-дейді ұстазы.
Жұлдыз СЕМБИЕВА