Аққыстау ауылында балаларға арналған робототехника үйірмесі ашылды

Әнет  Аухатов есімді жас кәсіпкер – ауданымызға жаңа жоба әкеліп, аққыстаулық балаларға арнап робототехника үйірме жұмысын бастады. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы мамандарынан кеңес алып, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы арқылы «Бизнестің жол картасы 2021-2025» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант жеңімпазы атанған деп хабарлайды "Naryn tany" газеті.

Осы орайда көзбен көріп таныс болу үшін арнайы барып,жұмыс барысымен таныс болдық. 

-Менің бұл жобаны, яғни робототехника саласын таңдауыма себеп бар. Әуелі мені балалардың болашағы алаңдатты, неге? Себебі, олар күн ұзағынан телефонға телміріп отырады. Одан да сол құрылғының дұрыс жағынан пайдаланбасқа?! Өйткені, бізге техниканың заманы біртіндеп еніп жатыр. Балаларды соған дайындауымыз қажет. Ал, олар мектеп  жасынан бастап  хобби ретінде робототехникамен  айналысып, кейін  технологиялардан ақырындап хабары бола бастайды. Тіпті, болашақта оларға өзінің таңдаған мамандықтарына  қажет болып әрі IT саласының үздігі болары сөзсіз. Біздің бұл үйірмеде 5-10 жас аралығындағы балалар роботтардың түр-түрін құрастырумен айналысады. Мұнда олар  роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығуы қажет.Берілген гранттың сомасы 2 млн. болғандықтан,барымша соған жеткізе заманауи құралдарын алдық.

Әзірге бір ғана маман арнаулы курс оқып,осы бағыт бойынша балалармен жұмыс жасауда. Осылайша, олар тек мультфильмдерден көрген роботтарды шынайы өмірде өздері жасап, оны құрастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Техника құрастыру оңай емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, геометрия пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе, үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды.Әзірге бізде 10 шақты оқушы келіп робототехниканың қыр-сырын үйреніп жүр. Шыны керек, аудан бойынша бұл жоба туралы көп ешкім құлағдар емес секілді. Себебі, үйірмеге келуші балалар саны аз. Маған осы жағынан көбірек қолдау қажет.  Алға қарай аудан бойынша басқа ауылдық округтерден сұраныс артып жатса осы бағыттағы үйірмені ашу жос-парда бар ,-дейді жас кәсіпкеріміз.                                                                                                                                              

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT